Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы» КМҚК
КГКП «Ясли-сад "Айгөлек" отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
9
Тамыз
2024
|
#таза_Қазақстан #Айгөлек_бөбекжайы Бүгін «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Айгөлек бөбекжайының жұмыскерлері Әйет ауылындағы саябақты тазалауға көмектесті.
24
Мамыр
2024
|
Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Орналасқан мекенжайы: Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 58
Басшының аты-жөні: Абдуллина У.А.
Жобалық қуаты: 160 орын
Мемлекеттік тапсырыс: 160 орын
Ғимарат: типтік
Жалпы ауданы: 1 ғимарат - 1240 ш. м., 2 ғимарат – 484,2 ш.м.
Барлық мектепке дейінгі топтар: 8
Оқыту тілі: қазақ / орыс
Тәрбиеленушілер контингенті: 160 бала
Материалдық-техникалық база:
Компьютерлердің болуы: 5 бірлік
Интерактивті жабдықтар: 2 бірлік
Принтерлер саны: 3 бірлік
Бейне бақылау: камералар – 27 оның ішінде: сыртқы - 7; Ішкі – 21
Ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген:
Пандус, шақыру түймесі, нашар көретіндерге арналған белгілер бар.
«Айгөлек» бөбекжайына қош келдіңіздер!
Біздің балабақша 1978 жылы құрылды.
Қазіргі уақытта,бұл мектепке дейінгі мекемеде 1жастан 5 жасқа дейінгі 8 топта тәрбиеленіп жатқан 154 бала бар. «Айгөлек» бөбекжайының педагогикалық ұжымының қызметі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жаңартылған мазмұнына сай, сапалы деңгейде жүргізіледі. Біздің педагогтар мен тәрбиеленушілер халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық байқауларға белсене қатысады. Педагогтар авторлық бағдарламалар әзірлеген.
Бұл инновациалық бағдарламалар мен әдістемеліктер балаларымыздың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік және эстетикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің балабақшада балалардың дамып жетілуіне жағдай жасалған. Балабақшада балалардың психологиялық көңіл-күйі мен эмоционалды дамуына аса назар аударылады. Біздің жұмысымыздың негізгі бағыты – әр балаға құрметпен қарау.
Біздің балабақша оқыту процесін ұйымдастырып қана қоймай, өз елінің құндылықтарын, тарихын және дәстүрлерін меңгерген азаматты тәрбиелейді. Біз балаларға шығармашылық және өздігінен ойлануға қабілетті ішкі жоғары мәдениетке ие болуды үйретеміз.
Біз сіздерді және сіздердің бүлдіршіндеріңізді қуана қарсы аламыз!